Польша чемпионаты басталды. Бірінші айналымда Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков ойнайтын «Висла» командасы «Ягеллонияға» қарсы матчта 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жуков алаңға негізгі құрамда шықты. Бір сары қағаз алды және 84-минутта алмастырылды. Келесі турда 29 тамыз күні «Висла» өз алаңында Вроцлавтың «Шленск» ​​командасымен кездеседі.

Айта кетейік, Жуков «Висла» сапында 2020 жылдың қаңтарынан бастап өнер көрсетеді.