«Қайрат» футбол клубы Беларусь құрамасының орталық қорғаушысы Денис Поляковпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қорғаушымен келісімшарт 1,5 жылға жасалған.

Денис - минскілік «Динамо» спорт мектебінің түлегі. Кәсіби мансабын 2007 жылы солигорскілік «Шахтер» сапында бастаған.

2011 жылы «Шахтерден» БАТЭ-ге ауысты. Онда Поляков Чемпиондар лигасы аясында «Бавария», «Лилл», «Атлетик» және «Рома» командаларымен өткен ойындарға қатысты. БАТЭ сапында жалпы 134 матчқа қатысып, 6 гол соқты.

2018 жылы Поляков АПОЭЛ-ге ауысып, Кипр чемпионатын жеңіп алды.

Қорғаушының соңғы клубы - екатеринбургтік «Урал» клубы болды. Сонымен қатар, Денис Беларусь құрамасының негізгі ойыншысы. 2010 жылдан бері құрамада 42 матч өткізіп, бір гол соқты.

Туған жылы: 1991 жылы 17 сәуірБойы: 184 смСалмағы: 75 келіАлаңлағы орны: қорғаушыАзаматтығы: Беларусь.