Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов «Ростовтан» ЦСКА-ға ауысуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Metaratings.ru сайтына сілтеме жасап.

Футболшыға мәскеулік клубтың бас бапкері Виктор Гончаренко қызығушылық танытып отыр. Енді ЦСКА-ның президенті Евгений Гинер Зайнутдиновті командасына қосу үшін Қазақстандағы таныстарын араға қоспақ.

Трансфер жақын арада аяқталады деп күтіліп отыр. Еске салайық, Зайнутдинов «Ростов» сапында 2019 жылдың қаңтарынан бері ойнап келеді.