УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Литва құрамасы мен Қазақстан құрамасы арасындағы кездесу Вильнюсте өтеді.

Екінші мәрте ұйымдастырлып отырған Ұлттар лигасының алғашқы матчы Қазақстан мен Литва арасында өтеді. Ойын 4 қыркүйектен 5 қыркүйекке қараған түні Вильнюс қаласындағы Литва футбол федерациясының стадионында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.

Бұл стадион 5,067 көрерменді сыйдыра алады. 2004 жылы ашылған стадионда «Жальгирис», «Тракай» және Литва құрамасы өнер көрсетеді.