Лас-Вегаста өтіп жатқан UFC Vegas 7 турнирдің екінші басты жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақ дәрежесінде америкалық Майк Родригес пен поляк Марчин Прачнио кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек басталғаннан екі минуттан кейін аяқталды. Прачнио Майктың соққыларына төтеп бере алмады.

Төреші шайқасы дереу тоқтатты.

Майк Родригес мансабында 11 мәрте жеңіске жетіп, 4 рет ұтылған. Прачнио болса, бесінші мәрте жеңіліс құшып отыр.