UFC Vegas 7 турнирінің негізгі кардында қазақстандық файтер Мария Агапова өзінің екінші жекпе-жегін әлемдегі жетекші ММА промоушені аясында өткізді. Оның қарсыласы америкалық Шана Добсон болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жектің тағдыры екінші раундта шешілді. Агапова тейкдаун жасауға тырысқанымен, қарсыласы сытылып кетіп, қазақстандық спортшыға ізбе-із соққылар бағыттады. Төреші айқасты тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылай Добсон екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.