Қазақстандық былғары қолғап шебері Еділ Қожамбердиев (9-2, 9 КО) 24 тамыз күні Алматыда өтетін бокс кешінде титулдық жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

BoxRec мәліметінше, Tukeshov Boxing Promotions ұйымдастыратын кеште Еділ Қожамбердиев Өзбекстан өкілі Мухитдин Раджапбаев (12-7-1, 8 КО) қарсы жұдырықтасады. Бәске бірінші ауыр салмақта WBC/WBA тұжырымдары бойынша Азия чемпионы белбеуі тігіледі.

Аталмыш бокс кеші 25 наурыз күні өтуі қажет болатын. Алайда коронавирус пандемиясының кесірінен кейінге шегерілді.

Айта кетейік, аталған бокс кешінің бас серіктесі - Parimatch букмекерлік компаниясы.

Естеріңізге сала кетейік, алдыңғы жекпе-жекте Еділ Қожамбердиев 12 қазанда Алматыда өткен бокс кешінде үшінші раундта Әзірбайжан өкілі Казим Умудовты (3-2, 1 КО) нокаутқа жіберді.

Нұртас Әжбенов рингке сегіз жыл бойы шықпаған өзбекстандық боксшымен жұдырықтасады

Али Балоев Алматыда өтетін бокс кешіндегі қарсыласының кім екенін білді

Әлімханұлы чемпиондық белбеуге таласу үшін салмақ дәрежесін көтеретінін мәлімдеді