«Манчестер Сити» футбол клубы қақпашы Скотт Карсонды жалға алу мерзімін тағы бір жылға ұзартты, деп жазады Prosports.kz.

Манчестерлік клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қақпашы 2020/21 жылғы маусымның соңына дейін командада қалады.

Айта кетейік, «Дерби Каунти» қақпашысы өткен маусымда да «Сити» сапында жалда ойнады. Алайда ол бірде-бір матч ойынға қатысқан жоқ.

Карсон мансабында «Лидс», «Ливерпуль», «Шеффилд Уэнсдей», «Чарльтон», «Астон Виллу», «Вест Бромвич», «Бурасспор» және «Уиган» командаларында өнер көрсеткен.