«Аякс» келесі маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz

Журналист Дейл Джонсонның айтуынша, Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Бавария» Лионды (3-0) жеңгеннен кейін, амстердамдықтар топтық кезеңге жолдама алған.

Бұл осы маусымдағы екі финалист - «Бавария» мен «ПСЖ» өз елдерінің чемпиондары атануының арқасында болды.

Регламентке сәйкес, бұл жағдайда топтық кезеңдегі орын УЕФА коэффициент кестесінде 11-орында тұрған футбол қауымдастығына беріледі, яғни дәл қазір Нидерланд сол орында тұрғандықтан, ел чемпионы - «Аякс» топтық кезеңге тікелей жолдама алды.