Бүгін, 18 тамыз күні ел чемпионы «Астана» Чемпиондар лигасына жорығын бастайды, деп жазады Prosports.kz сайты.

Еуропаның бас футбол додасының алғашқы іріктеу кезеңінде елордалық команда Беларусьтің «Динамо» командасымен кездеседі. Биыл коронавирус пандемиясының салдарынан жолдама тағдыры бір ғана матчта шешіледі.

«Динамо-Брест» – «Астана» матчының тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 23:50-де басталады. Ойынды Qazsport арнасынан көруге болады.

Тұңғыш рет чемпион атанған. «Динамо-Брест» қандай клуб?

«Астана» – «Динамо» жұбының жеңімпазы кіммен кездеседі?