UFC-дегі алғашқы қазақстандық Мария Агапова фотосессияға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі. Файтердің Instagram-парақшасында бірнеше сурет жарияланды.
«Бұл өте керемет күн болды. Өте тамаша фотосессия. Мартин Лей, көп рақмет! Жекпе-жекке бір апта қалды!»,- деп жазды Агапова.
Еске салайық, 13 шілдеде Мария Агапова UFC-дегі дебютін сәтті өткізіп, америкалық Ханна Сайферсті бірінші раундта жеңген болатын.
Комментарии