АСА файтерлер рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Жартылай ауыр салмақта екі қазақстандық файтер бар. Асылжан Бақытжанұлы бесіншіден төртінші орынға көтеріліп, жағдайын жақсартты. Соңғы жекпе-жегінде ол ACA 105 турнирінде бірінші раундта испаниялық Даниэль Толедоды нокаутқа жіберген еді. Ал Евгений Егембердиев, керісінше, бір сатыға төмендеді. Қазір ол - бесінші орында. Еске салсақ, Егембердиев соңғы жекпе-жегінде жеңіліс тапқан болатын - ол ACA 107 турнирінде Насрудин Насрудиновтен жеңіліп қалған.

Жеңіл салмақта Артем Резником алтыншы орында қалды. Қазақстандық қалған файтерлер өз салмағында топ-10 тізімге енген жоқ.

Еске салайық, Резников пен Бақытжанұлы 19 қыркүйекте Мәскеуде өтетін АСА 111 турниріне қатысады.