Атырауда төбелес кезінде грэпплингтен Азия чемпионы Есенбек Сигуатовты өлтірді деген күдікті ұсталды.

9 тамызға қараған түні Дамбы мен Құрманғазы қаласының маңындағы ауылдарда бірнеше жігіт арасындағы төбелес кезінде Есенбек Сигуатов қаза тапты. Ол жүрегіне тиген оқтан жарақаттанып, қайтыс болды. Спортшы бір апта бұрын 18-ге толған еді.

Атырау облысының полиция басқармасы қылмыс жасады деген күдіктіні ұстады. Осы іс бойынша ҚР ҚК 99-бап «Адам өлтіру» бойынша сот алды тексеріс жұмысы басталды.