MTK Global промоутерлік компаниясы 23 тамыз күні Алматы қаласында бокс кешін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бокс кешінде қазақстандық былғары қолғап шеберлері жекпе-жек өткізеді. Олар: Абай Төлеш (5-0, 3 КО), Дәурен Елеусінов (8-0-1, 7 КО), Арман Рысбек (7-0, 6 КО), Берікбай Нұрымбетов (5-0, 1 КО), Нұрдос Төлебай (2-0, 1 КО), Рай Сейітжанов (2-0).

Сондай-ақ, жақында кәсіпқой боксқа ауысқан Қамшыбек Қоңқабаев, Тұрсынбай Құлахмет пен Талғат Шәйкен дебютін өткізеді.