Алматыда бокс кеші өтеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызMTK Global промоутерлік компаниясы 23 тамыз күні Алматы қаласында бокс кешін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Бокс кешінде қазақстандық былғары қолғап шеберлері жекпе-жек өткізеді. Олар: Абай Төлеш (5-0, 3 КО), Дәурен Елеусінов (8-0-1, 7 КО), Арман Рысбек (7-0, 6 КО), Берікбай Нұрымбетов (5-0, 1 КО), Нұрдос Төлебай (2-0, 1 КО), Рай Сейітжанов (2-0).
Сондай-ақ, жақында кәсіпқой боксқа ауысқан Қамшыбек Қоңқабаев, Тұрсынбай Құлахмет пен Талғат Шәйкен дебютін өткізеді.