Халықаралық садақ ату федерациясы (World Archery) 2020 жылғы маусымда ешқандай турнир өтпейтінін мәлімдеді.
Әлемдік жарыстардың барлығы да 2021 жылға ауыстырылған. Жыл сайын садақ ату маусымы 1 сәуірде басталып, 30 қыркүйекте аяқталады.
«Маусымды жоспарлау жыл өткен сайын қиындап барады. Себебі, турнирлер қатары да көбеюде. Бұл біздің спорттың дамып келе жатқанын көрсетеді», - дейді World Archery атқарушы директоры Том Дилен.
2021 жылғы турнирлер тізімі:
19-25 сәуір – Әлем кубогының І кезеңі (Гватемала)
17-23 мамыр – Әлем кубогының ІІ кезеңі (Шанхай, Қытай)
14-27 маусым – Токио Олимпиадасының соңғы іріктеу турнирі (Париж, Франция)
21-27 маусым – Әлем кубогының ІІІ кезеңі (Париж, Франция)
23-31 шілде – Токиодағы Жазғы Олимпиада ойындары (Жапония) 19-26 қыркүйек – садақ атудан әлем чемпионаты (Янктон, АҚШ)
Комментарии