Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) биылғы маусымдағы әлем кубогі кезеңдері басталатын уақытты бір аптаға жылжытты.

Жаңа маусым 17-18 қазанда басталады. Алғашқы кезеңді Австрияның Зёльден қаласы қабылдайды. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жарыс уақытын өзгергені коронавирус індеті кезінде қауіпсіздікті нығайтуға көмектеседі.

Зёльденде слалом-гиганттан екі жарыс өткізу жоспарлануда. FIS 2020/2021 жылғы маусымды толық өткізуден үмітті.