Халықаралық ат спорты федерациясы (FEI) конкурдан Барселонадағы Ұлттар Кубогының финалдық кезеңі өтпейтінін мәлімдеді.

Аталған жарыс 2-4 қазан аралығында ұйымдастырылуы тиіс болған. Алайда, испандық ұйымдастырушылар халықаралық федерациямен ақылдаса келе, турнирді өткізбейтінін хабарлады. Бұған себеп – коронавирус індетінің бәсеңдемеуі.

Айта кетелік, сәуірде індетке байланысты іріктеу кезеңдері де өткізілген жоқ.