Шахматтан жасөспірімдер арасындағы Friendship Chess Championship 2020 - Junior Division халықаралық онлайн-турнирі Astana командасының сенімді жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

25 шілде - 8 тамыз аралығында Қазақстан шахмат федерациясы Гонконг, Сингапур және Малайзия ұлттық федерацияларымен бірлесіп шахматтан жолдастық онлайн матчын - турнир өткізді, оған 8, 10 және 12 жас аралығындағы 72 жас шахматшы қатысты. Бұл шара Халықаралық шахмат күніне орайластырылып, Гонконгтағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығының бастамасы мен көмегінің арқасында өтті.

Gens una sumus! - «Біз - бір отбасымыз!» ФИДЕ-нің осы ұранымен шахмат ойынының 3 туры достық жағдайда өтті.

Қазақстандық Astana командасы барлық үш кездесуде үлкен басымдықпен жеңіске жетті.

«Friendship Chess Championship 2020» онлайн шахмат матчының нәтижесі :

Аstana - 44 ұпай

Сингапур - 28

Гонконг - 19

Пенанг - 16.