«Қайраттың» Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде түсуі мүмкін барлық қарсыластар тізімі белгілі болды.

Жеребеде қазақстандық командаға «Ноа» (Армения), «Сумгайыт» (Әзірбайжан), «Петрокуб» (Молдова), «Локомотив» Тбилиси (Грузия) клубтары қарсылас атануы мүмкін.

Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңі бір матчтан тұрады. Кездесулер 27 тамызға жоспарланған.