Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2020 жылғы маусымда футболдан Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен Біріншілігінің қатысушылары үшін ойыншыларды тіркеудің екінші кезеңі аяқталғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz сайты.

Трансфер терезесі 20 шілдеде ашылып, 9 тамыз күні жабылды.

Командалардың трансферлік белсенділігі туралы Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы әлеуметтік желілерде жариялап отырды.

Премьер-лига, Бірінші және Екінші лига командаларының құрамдарындағы және клуб қызметкерлерінің тізіміндегі барлық өзгерістерді ҚКФЛ ресми сайтынан қарауларыңызға болады.