Еркебұлан Сейдахмет маусымның соңына дейін талдықорғандық клубқа жалға берілді.

Мансабын 17 жасында «Таразда» бастаған Еркебұлан Қазақстан чемпионатындағы алғашқы ойынын 2017 жылдың 1 сәуірінде «Тобылға» қарсы өткізді. Маусым барысында ол Қазақстан Премьер-лигасында 15 матчқа қатысып, павлодарлық «Ертістің» қақпасына бір гол соқты.

2018 жылы Будапештте өткен Венгрия құрамасына қарсы жолдастық кездесуде (3:2) Қазақстан құрамасының тарихында гол соққан ең жас ойыншы атанды.