«Қайсар» командасы Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі матчтарын Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткізеді.

Қызылордадағы Ғани Мұратбаев стадионында УЕФА сертификаты жоқ. Пандемияның салдарынан УЕФА өкілдері Қазақстанға келе алмады.

Сондықтан «Қайсар» УЕФА-ға Алматы және Шымкенттегі стадиондарды ұсынған. Алайда Алматының орталық стадионында басқа командалар еурододаға іріктеу матчтарын өткізетіндіктен Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы алаң таңдалды.