Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) жаңа маусымдағы Гран-при турнирлерінің өткізілу форматына айтарлықтай өзгеріс енгізді.

Індетке байланысты, серия ұлттық жарыс форматында өтеді. Жарысқа сол мемлекетте тұратын және жаттығатын спортшылар қатысады.

Сондай-ақ, жақын мемлекеттерде тұратын атлеттердің қатысу мүмкіндігі бар.

Әр спортшы Гран-при кезеңінің тек бір сериясына қатыса алады. Ал жалпы есептегі ұпай бұл жолы есептелмейді.

Финал 10-13 желтоқсан аралығында Бейжіңде жоспарланған.