Халықаралық конькишілер одағы (ISU) 2020/21 маусымдағы Гран-при сериясының шарттары туралы жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

ISU сайтында хабарланғандай, әр кезең ұлттық жарыстар түрінде өтеді. Бұл жарыс өткізуші елде тұратын конькишілерге, осы елде үнемі жаттығатын спортшыларға және барлық карантин ережелерін сақтай отырып, жақын шетелден келе алатындарға ашық додаларға айналмақ.

Әр спортшы бұрынғыдай екі емес, Гран-придің бір кезеңіне қатыса алады. Сонымен қатар, кезеңдерде жалпы көрсеткіштер болмайды және финалға жету өлшемдері кейінірек анықталады. Финалдың өзі алдын ала 10-13 желтоқсанда Бейжіңде жоспарланған және ол Олимпиаданың сынақ сайысы болады.