Бүгін Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан 2020/21 жылғы маусымдағы Гран-при турнирлеріне қатысты шешім қабылдайды.
Коронавирус індетінің жалғасуына байланысты Гран-при бәсекесін өткізу үлкен қиындықтар тудыруда.
20 шілде күні жасөспірімдер арасындағы Гран-при турнирінің биыл өтпейтіні белгілі болды.
Сондай-ақ, 23-26 қыркүйекке жоспарланған Непела Мемориалы да өтпейді. Ал Канададағы Autumn Classic International турнирі белгісіз мерзімге шегерілді.
Бүгін ISU мамандары алдағы маусымға қатысты нақты шешімдер қабылдайды.
Комментарии