7 тамызға қараған түні Леверкузен, Дуйсбург, Базель және Вулверхэмптонда Еуропа лигасы 1/8 финалының соңғы матчтары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Леверкузендік «Байер», «Базель» және «Вулверхэмптон Уондерерз» өз алаңында, тиісінше, шотландиялық «Рейнджерс», франкфурттік «Айнтрахт» және грекиялық «Олимпиакосты» өз алаңында қабылдайды.

Испаниялық «Севилья» мен италиялық «Рома» арасындағы маич Дуйсбургтегі алаңда өтеді.

QAZSPORT телеарнасы Нұр-Сұлтан уақытымен 22:45-те «Севилья» – «Рома» матчын көрсетеді. Ал 0:55-те «Вулверхэмптон» – «Олимпиакос» матчы басталады. Эфирді мына СІЛТЕМЕДЕН қарауға болады.

7 тамызда таңда QAZSPORT арнасында «Байер» – «Рейнджерс» (Нұр-Сұлтан уақытымен 08:05-те) және «Базель» – «Айнтрахт» (сағат 10:10-да) матчтарының жазба нұсқасы көрсетіледі.