Италиялық «Интер» Еуропа лигасының 1/8 финалында испаниялық «Хетафені» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Гельзенкирхендегі (Германия) «Фельтинс-Аренада» өткен кездесу италиялық клубтың пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. «Интер» сапынан Ромелу Лукаку мен Кристиан Эриксен гол соқты.

Еске салайық, Еуропа лигасының 1/8 финалындағы «Хетафе» - «Интер» кездесуі бір матчтық форматта Германияла өтті. Енді «Рома» - «Севилья» матчы да сондай форматта ұйымдастырылады.