Әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев мансабын кәсіпқой рингте жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

29 жастағы боксшы MTK Global ұйымымен келісімшартқа отырды. Бұл промоутерліе ұйымның қол астында Билли Джо Сондерс және Тайсон Фьюри сияқты әлемдік жұлдыздармн қос қазақстандық бірнеше боксшы өнер көрсетеді.

Айта кетейік, әуесқой бокста Қамшыбек Қоңқабаев 91 келіден жоғары салмақ дәрежесін әлем және Азия чемпионатының екі реттен күміс жүлдегері атанған.