Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Алиев Prosports.kz сайтына оның шәкірті рингке қай уақытта оралатындығын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Елеусінов биылғы көктемде экс-әлем чемпионы Джулиус Индонгомен кездесуі керек еді. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты кездесу кейінге қалдырылды.

Зия Алиевтің айтуынша, Елеусінов рингке күзде оралады.

- Жақында жақсы жаңалықтан хабардар боласыздар. Бәрі 15 тамыздан кейін белгілі болады деп ойлаймын. Данияр толық дайындықтан өтіп, келесі жекпе-жекке дайын», - деді қазақстандық боксшының менеджері.