Зия Алиев Елеусіновтің келесі жекпе-жегі жайлы: 15 тамыздан кейін бәрі белгілі болады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің менеджері Зия Алиев Prosports.kz сайтына оның шәкірті рингке қай уақытта оралатындығын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Елеусінов биылғы көктемде экс-әлем чемпионы Джулиус Индонгомен кездесуі керек еді. Бірақ коронавирус пандемиясына байланысты кездесу кейінге қалдырылды.
Зия Алиевтің айтуынша, Елеусінов рингке күзде оралады.
- Жақында жақсы жаңалықтан хабардар боласыздар. Бәрі 15 тамыздан кейін белгілі болады деп ойлаймын. Данияр толық дайындықтан өтіп, келесі жекпе-жекке дайын», - деді қазақстандық боксшының менеджері.