Қазақстан құрамасы мен алматылық «Қайраттың» орталық қорғаушысы Нұралы Әліпке мәскеулік «Локомотив» қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Kozhakhmet_inside телеграм-каналының мәліметінше, «теміржолшылардың» селекциялық қызметкерлері қорғаушыны мақтаған. Бірақ «Локо» басшылығы футболшыны қазір Қайрат Боранбаев жібермейтінін түсінеді. Себебі алматылық клубты алда ел чемпионаты мен Еуропа лигасының іріктеу кезеңі күтіп тұр. Сондықтан мәскеулік клуб ешқандай ұсыныс жасамаған.

Еске салайық, Әліп карьерасын «Каспийде» бастаған. 2015 жылы «Қайратқа» ауысып, клубтың жастар командасында ойнаған. 2018 жылдан бері бірінші командада өнер көрсетіп келеді.