Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан «Әл-Айн» сапында жаттығуын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

БАӘ клубы Твиттер-парақшасында команда жаттығуының суреттерін жариялаған. Онда Исламхан да бар. команда қазір ел чемпионатының жаңа маусымына дайындалып жатыр.

Еске салайық, жартылай қорғаушы таяуда «Әл-Айнмен» үшжылдық келісімшарт жасасқан болатын.