«Лацио» шабуылшысы Чиро Иммобиле маусым қорытындысы бойынша «Алтын бутс» марапатын жеңіп алғаны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетелік, 30 жастағы футболшы А сериясында 36 гол соғып, 70 ұпай жинады.

«Мен өте қуаныштымын және осы марапатқа қол жеткізгеніммен мақтанамын. Егер сіз арманға шынымен сенсеңіз, ол сөзсіз орындалады. Мен жаттықтырушыға, қызметкерлерге, серіктестерге алғыс айтамын, бұл бүкіл команданың еңбегі.

Екінші орынды жеңімпаздан екі ұпай артта қалған «Баварияның» шабуылшысы Роберт Левандовски иеленді.