«Ростов» футбол клубы Ресейдің үшінші дивизионында бақ сынайтын СКА командасымен жолдастық матч өткізді.
8 тамызда басталатын Ресей Премьер-лигасының жаңа маусымына дайындық аясында өткен кездесу 1:0 есебімен «Ростовтың» пайдасына шешілді.
«Ростов» (Ростов-на-Дону, Ресей) - СКА (Ростов-на-Дону, Ресей) - 1:0
Гол соққан: Ивелин Попов
Айта кетейік, «Ростов» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов өнер көрсетеді.
Комментарии