Жартылай орта салмақта WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Эррол Спенс пен екі дивизионның экс-әлем чемпионы Дэнни Гарсия арасындағы жекпе-жек ресми түрде расталды, деп хабарлайды Prosports.kz Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Жекпе-жек 21 қарашада өтеді, бірақ орны әлі анықталған жоқ. Бастапқыда бұл айқас қаңтарда өтуі керек еді, бірақ 10 қазанда Спенс көлік апатына ұшырап, денсаулығын қалыпқа келтіруі ұзаққа созылды.