«Барыс» клубының баспасөз қызметкері Евгений Акманов «Матч» арнасына берген сұхбатында маусымға дайындық жөнінде айтты.

– Қазір мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынастамыз. Олар кеңесіне құлақ асамыз. Ұзақ уақытқа жоспар құрмаймыз. Дегенмен жоспар бойынша 3-4 тамызда команда демалыстан орлады. Бәрі медициналық тексерістен өтіп, базаға жиналады. Артынша жолдастық матчтарға дайындықты бастаймыз, - деді клуб өкілі.