«Құпия» ақпарат блогының ақпаратынша, Павлодар қаласында жаңа футбол клубы құрылады.

Жаңа командаға «Павлодар» атауы беріледі. Енді құрылған ұжым келер маусымда Екінші лигада бақ сынап, араға екі жыл салған соң Премьер-лигаға шығады деп жоспарлануда.

Естеріңізде болса, мамыр айының соңында Қазақстанның алты дүркін чемпионы «Ертіс» Премьер-лигаға қатысудан бас тартқан болатын.