Қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский өнер көрсететін «Беерсхот» командасы Бельгияның жоғарғы лигасына жолдама алды.

Келесі маусымда Бельгия чемпионатында бақ сынайтын командалар саны 18-ге дейін көбейгендіктен «Про-лиганың» жеңімпаздары «Левен» мен «Берсхот» командалары жоғары лигаға жолдама алды.

Ереже бойынша қос команда жоғарғы лиганың жалғыз жолдамасы үшін таласуы қажет еді, алайда чемпионатта 17 команда болмауы үшін екі ұжымға да жолдама берілді.

2019/20 маусымда Вороговский «Беерсхот» сапында 18 ойын өткізіп, бір гол соқты.