Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат «Оренбург» футбол клбуынан кетті, деп жазады Prosports.kz.

Ресейлік клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісімшарт тараптардың келісімі бойынша бұзылды.

Айта кетейік, 27 жастағы ойыншы орынборлық клубқа биыл қаңтар айында ауысып барды. Оған дейін Қуат алматылық «Қайратта» доп тепті. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы РПЛ-да үш матчқа қатысты: «Крылия Советов» (1:1), «Арсенал» (1:0) және «Спартак» (1:3). Бірақ ол бұл кездесулерде нәтижелі ойынымен көзге түсе алған жоқ.