Оралдық «Ақ жайық» футбол клубы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлеріне көмектесті.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, команда директоры, жаттықтырушылары және ойыншылар облыстық емхананың дәрігерлері мен мейірбикелеріне азық-түлік жеткізіп берген.

«Пандемиямен тынбай күресіп жатқан дәрігерлерге үлкен алғысымызды білдіреміз», - деді клубтың директоры Азамат Шайхи.