UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов 31 шілде күні немере інісі Усман Нурмагомедов қатысатын UAE WARRIORS 12 турниріне барады.

Хабиб Нурмагомедов жекпе-жек барысында інісіне бұрышта көмектеседі. Айта кетерлігі, Усман Нурмагомедов аталмыш турнирде қазақстандық Еркін Дәрменовке қарсы жұдырықтасады.

Жақында әкесінен айырылғын Хабиб Нурмагомедов 24 қазан күні өтетін Джастин Гэтжиге қарсы жекпе-жекке дайындығын бастап кетті.