Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов немере інісі Усман Нурмагомедовтің (9-0) алдағы жекпе-жегіне сәттілік тіледі, деп жазады Prosports.kz.

«Жаттығу жалғасуда. Усман Нурмагомедов 31 шілдеде Абу-Дабиде өнер көрсетеді, саған сәттілік тілеймін, бауырым», - деп жазды Хабиб инстаграм желісіндегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, Абу-Дабиде өтетін UAE Warriors 12 турнирінде Усман Нурмагомедов қазақстандық Еркін Дарменовпен (7-2) жұдырықтасады.