Жартылай орта салмақта WBC және IBF тұжырымының чемпионы Эррол Спенс отандасы Дэнни Гарсияға жекпе-жек өткізуге келісті.

The Athletic мәліметінше, Эррол Спенс мен Дэнни Гарсия титулдық жекпе-жекті өткізуге келісті. Кездесу FOX PPV арнасында өтеді.

– Эррол әлемдегі ең танымал боксшылардың бірі. Оның Майки Гарсияға қарсы жекпе-жегіне 47 мык көрермен келді. Ал Шон Портермен өткен айқасты 16 мың көрермен тамашалады. Ал Эррол Спенс мен Дэнни Гарсия титулдық жекпе-жегі қараша айына жоспарланған, – деп жазады басылым.