Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) өз салмағындағы әлем чемпиондарына тағы да үндеу жасады, деп жазады Prosports.kz.

«Чемпиондар, біз жақын арада кездесеміз!», - деп жазды боксшы Twitter желісіндегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек рингке соңғы рет өткен жылы 9 қарашада шықты. Фресно қаласында (Калифорния, АҚШ) өткен жекпе-жекте жерлесіміз канадалық Альберт Онолунозаны (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутпен жеңіп, WBO Global және WBC Continental America титулдарын қорғап қалған болатын.