Бүгін Қазақстанның «Астана» велокомандасы ұзақ үзілістен соң алғаш рет жарыс жолына шығады, деп жазады Prosports.kz сайты.

Карантин салдарынан әлі күнге дейін көп мемлекеттің шекарасы жабық болғандықтан «Астананың» колумбиялық шабандоздары Еуропаға кешігіп келіп, жарысқа тіркеле алмады. Ал «Вуэльта Бургос» көпкүндігінде команданың капитаны болады деп күтілген Мигель Анхель Лопес маусымды «Окситания турында» бастайды.

«Вуэльта Бургос» көпкүндігінде «Астана» велокомандасын испаниялық шабандоз Алекс Аранбуру жарыс жолына бастап шығады. Ал оған төрт бірдей қазақстандық шабандоздар көмектеседі. Олар: Никита Стальнов, Жандос Бижігітов, Юрий Натаров пен Даниил Фоминых.

Команданың көшбасшы шабандоздары маусымды 1 тамыз күні «Страде-Бьянке» бір күндік жарысынан бастайды. Якоб Фульсанг пен Алексей Луценко әлемдік турда бақтарын сынап көреді.