Минскіде кәсіпқой бокс кеші өтті, оның басты жекпе-жегінe қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Suleimen Promotions ұйымдастырған турнирдің негізгі кешінде 28 жастағы Ербосынұлы Германия боксшысы Нуху Лавальмен (27-7, 15 КО) кездесті.

Соңғы жекпе-жекте WBO Global, WBC Asia, WBA International екінші орта салмақта (76,2 кг) үш чемпиондық титул бәске тігілді. Жекпе-жек барысында басымдық толығымен Ербосынуланың жағында болды,. Бірінші және үшінші раундтарда қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді, әр раундта өзінің артықшылығын арттыра түсті. Он раундтық жекпе-жек толығымен өтіп, төрешінің шешімімен Айдос Ербосынұлы төрешілердің шешімімен үш чемпиондық титулды сәтті қорғап шықты.

кМинсідегі бокс кеші Parimatch букмекерлік компаниясының қолдауымен ұйымдастырылғанын айта кету керек.

Еске сала кетейік, турнир серіктестерінің бірі - UNDERDOG спорт агенттігі