Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 ко) Минскідегі бокс кешінде жеңіліс тапты деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирде WBA Intercontinental, WBO Oriental, IBF AustralAsia белбеуін иеленген 28 жастағы боксшымыз Франция өкілі Сэнди Мессундпен (14-7, 1 KO) кездесті. 10 раундқа есептелген жекпе-жек жетінші раундта аяқталды, төреші Жаңабаевтың жарақатына байланысты кездесуді тоқтатты.

Осылайша, Франция боксшы үш чемпиондық атаққа ие болды, сонымен қатар өз мансабындағы 14-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Минскідегі бокс кеші Parimatch букмекерлік компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Еске сала кетелік, турнир серіктестерінің бірі - UNDERDOG спорт агенттігі.