Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (1-0) рингтегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кәсіпқой бокс кешінде Нұрмағанбет Венгрия өкілі Тамаш Ласкамен (19-22-1, 10 КО) кездесті. Жеңіл салмақта (79,3 кг) өткен жекпе-жек бірінші раундта Нұрмағанбеттің жойқын нокаутымен аяқталды.

Минскідегі бокс кеші Parimatch букмекерлік компаниясының қолдауымен ұйымдастырылғанын айта кету керек.

Еске сала кетелік , турнир серіктестерінің бірі - UNDERDOG спорт агенттігі.