«Ливерпуль» жаттықтырушысы Юрген Клопп клубтың жазғы трансферде екі қорғаушы сатып алатынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біз ойыншылардың жаңа маусымға тез бейімделуі үшін шешім табуымыз керек. Біз жаңа Александр-Арнольд пен Робертсонды табуымыз керек. Бұл оңай болмайды, бірақ біз осы мәселе бойынша жұмыс істейміз», - дейді Клопп.

Осы маусымда 21 жастағы Александр-Арнольд «Ливерпуль» сапында барлық жарыста 48 ойын өткізіп, 4 гол соқты және 15 нәтижелі пас берді. 26 жастағы Робертсон 48 матчта үш гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.